Төбем де мұз, төмен де мұз, шаршадым,
Тесе алмадым төменді не төбемді.
Жұзіп шықсам - жалғыз ғана аңсарым,
Күтер едім үмітімді мен енді.
Жарылсын мұз, мені Тәңір жебегей,
Шаруадай шықты ақ тер - көк терім,
Жетем саған аңыздағы кемедей
Жыр ғып толғап өткен өмір дәптерін.
Қырық асып қырға шығып келемін,
Он екі жыл сен Тәңірдей жебедің,
Бар өзіңе арнап айтар өлеңім,
Бар алдыңда ақталатын себебім.
|