Күмәнің болса досыңа,
Анығын білмей жасыма.
Жақсы жаманын айырмай,
Балама оны қасыңа.
Тауға алып шық, қалдырма,
Тәуекел! Сына! Тартынба!
Шын дос болса егер де,
Құласаң демер артыңда.
Тауға шығып сескенсе,
Асықса жерге түскенше,
Мұздыққа адым баспастан,
Айқайға басса, ендеше -
Бірге емес жаны соны біл,
Аулақ жүр одан, сол жеңіл.
Онымен шыңға шықпассың,
Оралмас «серік» деуге тіл.
Ал егер ол жігіт болса жігерлі,
Көңілсіз боп, ашулансын мейлі.
Ең бастысы бірге жүріп қасыңда,
Қажет кезде көмектессе игі.
Иық тіресіп, от пен судан тайсалмай,
Шыңға шығып бірге тұрса масайрай,
Онда сөз жоқ, сол жан досың,
Өміріңді сеніп тапсыр ойланбай.
|