Досыңа болса күмәнің
Тырысып көр оны ұғуға.
Сейілмей дағы күмәнің
Жуытпа жақын қасыңа.
Тауға алып шық қалдырма
Сынап көр оны тартынба.
Шын дос болса расында
Демеп жүрер сенің қасыңда.
Құлай қалсаң биіктен
Қарап тұрып көк жиектен
Көмекке қолын созбастан
Бос айғаймен күй еткен.
Жаныңда босқа сеңделген,
Жүгірген оңай жерлермен,
Қасыңда жүрген құр елес
Біліп қой саған дос емес!
Көңілсіз, булығады ашуға
Сондада жүрген қасымда.
Оқыста абайсыз сүрінсем
Табылды әркез қасымда.
Жібермей мықтап қолымнан,
Бірге жүрген тайдырмай жолымнан
Шыңға шықтық біз бірге
Тапсырдым өмірімді сеніп сізге!
|