Досың бар ғой мына сенің,
Бір сәтте айналып, өзгерсе,
Себебін білмей, дал болсаң,
Досыңды қастыққа қимасаң,
Бел байла бір шешім табуға,
Шақыр сен сол досты бір тауға.
Шығыңдар бірге, бекем бол, сәл шыда,
Қазір-ақ жетер көзің бар жайға.
Досың ғой тауға шыға алмас,
Бұлтартты, бірден тартты бас,
Шыдамай шегінсе ол артқа,
Қит етсе салса айқайға,
Дос емес, қас емес - бейшара.
Ондайдың маңына жуыма,
Уайымдап, есіркеп, ойлама.
Ал, егер міз бермей бақса ол,
Ашығып, сандалып қалса да зор,
Төзіп, шыдаса бар сынға,
Демек ол нағыз нар тұлға!
Еш сырын білдірмей, демеу боп,
Жаныңнан табылса - бақыт сол!
Осындай достан айрылма,
Адал бол оған, шет қалма.
|