Сенбесең жолдасыңа сен,
Беруге "дос" - деген атақ.
Білмесең қыр-сырын терең,
Көрінсе аздап жалтақ.
Тартып көр тау-шыңға - сынға.
Ізіңнен бастырып ізін,
Ашылады сыры сонда,
Байқайсың өзің.
Қобалжыса шындап шыңда.
Кейін тартса корқып, сырғып,
Тайып кетіп құзда - мұздан,
Ащы даусы шығып.
Бола алмайды ол дос - ол бос.
Жібере сал беріп - ерік.
Сөзге тұрмайды ондай дос,
Ол болмайды серік.
Тартса оны жігері - ілгері,
Тістеніп үрейін жеңіп.
Сен тайсаң қол ұшын беріп,
Ұстаса шіреніп.
Ерсе барғандай дауға - жауға,
Қуанса мас болып шексіз
Шығып алып биік тауға.
Оған сен есепсіз.
|