Хаһым жоқ тоқтап қалуға
Тайғақтап келем,
Алынбас шыңдар әлемде,
Жоқ деп сенем.
. . .
Ұмтылам - көкке.
Мәңгілік қалды үрей,
Шыңырау шепте.
Жан баспаған жолдардың бірі
Болсын мейлі менікі,
Алынбаған шыңдардың ішінде
Бірі - менің еншімде.
Жығылып жолда қалғандар
Есімі есте сақталар.
Жан баспаған жолдардың ішінде
Бірі - менің еншімде
Мұнда көкмұздар шұғыласы
Жарқырар көксеңгір айналасы
Гранитте сақталып қалған
Жүріп өткен жандардың құпиясы
Кеудемді керіп қарадым көкке
Ашылып арманымның ақ айнасы.
Мүлтіксіз сенем пәктігіне
Ақшақар мен ақ сөзіме.
Мейлі өтсін зымырап жылдар
Есімде мәңгі сақталып қалар
Табанды тіреп шыңырау шепте
Күмәнді жеңдім шешуші сәтте.
Сол күні маған су сырын айтқан:
«Сәттілік жолдас болсын деп саған»
Құдайым - ау, қай күні болған еді?
Ия, есімде. Сәрсенбінің сәті еді!
|