Мен жек көрем өмірдің өкінішін
Жалығып сондықтан да көрген емен
Мен жек көрем көңілді ән салмасам
Өмірдің өтіп жатқан күн мен түнін.
Мен жек көрем арсызды міз бақпайтын
Шаттыққа сене бермен, және тағы
Жек көрем жазған менің хаттарымды
Желкемнен рұқсатсыз оқып тұрса.
Мен жек көрем жартылай сырласуды
Сөзімді жол ортадан бөлсе тағы.
Мен жек көрем, арқадан оқ атуды
Сондай-ақ, қарсы тұрып аямауды.
Өсекті жек көремін болжам деген
Күдікті ұнатпаймын, қарсымын мадаққа да
Жібекті жүн қылуды қолдамаймын
Әлсізге жабылғанды қабылдаман.
Мен жек көрем тасыған тоқшылықты
Онан да көрген абзал жоқшылықты
Өкінем жоқтығына ардың бізде
Ар емес жасалған іс дұшпан көзге
Қанаты қайрылғанды көрсем кейде
Аяуды сезінбеймін бүгін мен де.
Мен жек көрем зорлық пен қорлықты да
Исаны аяп кетем осындайда.
Мен жек көрем үрейге бой алдырсам
Қорланам, күнәсізді соғып жатса,
Мен жек көрем, жарасын жүрегімнің қазбаласа,
Ызадан жарыламын, түкіріп оған жатса.
Мен жек көрем манеж бен алаңдарды
Теңгеге теңгереді оларда милиондарды
Алдымнан күтсін мейлі ғаламат өзгерістер
Мен мұны бәрібір ұната алман...
|